Сенің көздеріңді, жаным, сағындым. Тағдырдың жазғаны, оған бағындым! Күлімдеген, күлімдеген жанарың.. Қимай барамын! Неліктен былай болғаны? Ұшырдым бақты қолдағы. Сағыныш қинауда, Мұңым жүрегіме симауда! Қайтеміз айтшы, жаным, Қалмады менің басқа амалым?! Енді не етерміз, өмір солай, көнерміз! Мен сүйген көздері қара Жетпеді қолым өзіңе жаным Не шара қоспады тағдыр Ұқпады жүрек жүрмеуде әмір... қ-сы: Жүрегімде өзің салған жара бар, Дертіме дауа бола алмас басқалар.. Екі бөлек, ардағым, кетеміз бе... Қол созымдай қалғаны арманымызға Тұз сеппеші, өмір-ай, жарамызға. Жарылуға дайын кеудемдегі менің ет жүрегім Сүйемін, сүйемін, сүйемін… Көзімде мұң, күнделікті көрініс пе.. Қадамдап келемін, сезім деген жеңіліске. Ойлап қарайық, кімге жеңіл, кімге оңай?! Дұрыс емес қой, күнім, кеткеніміз тым былай. Мүмкін, саған оңай, мен барамын сені қимай. Өзімді өзім жәбірлеп, жаныма мұң силай. Қайда кетті көздерің, назарында ма өзгенің?! Тым нәзік арада қалған үмітімді үзбедім. Жүрегімде мұңды ойнатқан сезім, сазым бар. Жанымда қынжылып тұрған жеткізер назым бар! Мүмкін шыдар, мүмкін төзе алмас мүлде. Елесің мазалап тыныштық бермейді күнде!

Теги других блогов: сүйікті жүрек қайтеміз